Время работы: Пн - Пт 08:00 до 20:00, Сб 08:00 до 14:00
Наш адрес: Костанайская обл., г. Лисаковск, мкрн Больничный городок, здание 1
RU
KZ
Регистратура детская
Регистратура взрослая
Поддержка пациентов
Версия для слабовидящих
Экранный диктор
ГлавнаяНовости
«Оңай қызмет» науқаны

«Оңай қызмет» науқаны

           Халық назарына!
 
        Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру - бұл барлық мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Құрметті облыс тұрғындары!
         Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен 2021 жылғы 01 маусымға дейін облыстық көрсетілетін қызметті беруші органдар көрсететін автоматтандырылған қызметтер, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарламалар алу үрдісінде ескертулер жинау бойынша «Оңай қызмет» науқаны өткізіледі (egov.kz).
Электрондық қызметті алу үрдісін фотофиксациялай отырып және Сіз тап болған қиындықтарды сипаттай отырып, хабарламаларыңызды Onay_qyzmet Telegram (https:/t.me/onay_qyzmet) арнасына жолдай аласыз.
Барлық материалдар жинақталып, орталық мемлекеттік органдарға ескертулерді жою және порталды техникалық жағынан қарастыру үшін жолданатын болады.
Тек қызметалушы ғана қызмет көрсету сапасына толық объективті баға бере алады және жұмыстың бар кемшіліктерін анықтай алады.
 
Белсенді болыңыз,
Сіздің қатысуыңыз біз үшін өте маңызды!
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бірге арттырайық!
 
Определить статус