Время работы: Пн - Пт 08:00 до 20:00, Сб 08:00 до 14:00
Наш адрес: Костанайская обл., г. Лисаковск, мкрн Больничный городок, здание 1
RU
KZ
Регистратура детская
Регистратура взрослая
Поддержка пациентов
Версия для слабовидящих
Экранный диктор
ГлавнаяНовости
Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрс...

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?


Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
- Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
- Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
- Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер),
негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық  гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.),айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
    Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.
     Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса,  qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.
Определить статус